Шымкентке үш облыстан әскерге шақырылушылар келді

0
1 459

Әскерге шақырылушылар ПТР-зерттеуден өтіп, екі апталық карантинге оқшауланды.


Шымкентке үш облыстан әскерге шақырылушылар келді

Шымкент қаласына көктемгі әскерге шақыру науқанының жоспарына сәйкес «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 35748 әскери бөліміне Алматы, Атырау және Қарағанды облыстарынан жас буынмен толықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу үшін әскерге шақырылушылар әскери бөлімге келе салысымен ПТР-зерттеуден өтіп, екі апталық карантинге оқшауланды. Осы уақыт ішінде оларға медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық тестілеу жүргізіледі.
Тестілеу нәтижелері белгілі болғасын, жас сарбаздар алғашқы әскери дайындық курсынан өтеді. Бір ай бойы олар әскери білімдері мен дағдыларын жетілдіріп, жалпы әскери дайындықтың негізгі пәндерін оқитын болады. Олармен саптық, дене шынықтыру, әскери-медициналық дайындық, жалпыәскери жарғылар және әскери қызмет қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар өткізіледі.
Әскерге шақырылушылар командарының бөлімге келуі демалыс күндеріне түскеніне қарамастан, оларды тәуліктік кезекшілікте тұрған жеке құраммен әскери оркестрдің музыкасы қарсы алды. Әскерге шақырылушыларды бөлімнің басшылық құрамымен таныстырылып, олар қызмет ететін әскери бөлімнің құрылу тарихы туралы айтылды.
Жас толыммен алғашқы әскери дайындық курсына арналған жиын әкімшілігі тағайындалды. Оның құрамына сарбаздарға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесетін, әскери істің қыр-сырын үйрететін тәжірибелі офицерлер, сержанттар мен психологтар кірді.
Казармалық үй-жайларға косметикалық жөндеу жүргізіліп, медициналық пункттің қоры қажетті дәрі-дәрмектермен және дезинфекциялау құралдарымен толықтырылды.
Әскери ант қабылдау рәсіміне дейін өтетін курстың қорытындысы полигонға шығып атыс қаруынан оқу-ату жаттығуларын орындаумен аяқталады.
Сарбаздарды жаңа жағдайларға тез бейімдеу, оң көзқарас қалыптастыру мақсатында Қорғаныс министрлігінің басшылығы оларға ата-аналары, туыстары және достарымен уақытылы хабарласып тұруы жүргізу үшін ұялы байланысты пайдалануға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдағандығын атап кеткен жөн.