Шымкентте 1 мамырдан бастап карантин режімі қалай өзгереді

0
881

1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді.


Шымкентте 1 мамырдан бастап карантин режімі қалай өзгереді

ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Асқар Мамин ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыру аясында Мемлекеттік комиссияның бірқатар шешімдерді қабылдағанын атап өтті:

Шымкент қаласында биылғы 1 мамырдан бастап қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтаумен жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді. Олар :

өнеркәсіптік кәсіпорындар;

құрылыс және жол құрылысы салаларының компаниялары, ірі құрылыс дүкендері;

көлік, қоймалау, ауыл шаруашылығы мақсатындағы сервистік, автокөліктерге қызмет көрсету салаларындағы ұйымдар және қызмет көрсету саласының кейбір түрлері;

банктер мен қаржы секторының ұйымдары.