Шымкентте 10 аумақ оқшауланып, карантинге жабылды

0
779

Карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылған.


 Шымкентте 10 аумақ оқшауланып, карантинге жабылды

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 10 аумақ оқшауланып, карантинге жабылды. Атап айтсақ, олар: Жұқпалы аурулар емханасы, «Атамекен», «Мейірім» оңалту орталығы, Екінші қалалық емхана (Медикус), Жаңаталап м.а., «Самал-1» шағынауданы, Мақталы көш №120А,Төрекұлов №204, 8-шағынаудан (№53 көпқабатты үй) және Желтоқсан көшесі 3 А үй.

Карантин жарияланған аумақтарда жалпы 321 қызметкер жұмылдырылған. Оның ішінде: 115 полиция қызметкері, 14 қарулы күштер және 192 ұлттық ұлан сарбаздары 3 ауысымда тәулік бойы қызмет атқаруда.

Еске сала кетсек, бүгінде қалада жалпы коронавируспен 14 адам тіркелді.