Шымкентте 10 мыңға жуық оқушы шеруге шықты

0
1 778

131 мектептің қатысуымен өткен шеруде домбырашылар, барабаншылар, бишілер, музыкалық оркестр, жүлдегер спортшылар сап түзеді.


Шымкентте 10 мыңға жуық оқушы шеруге шықты

Бүгін Шымкент қаласында республикалық "Шабыт шеруі" атты жас музыканттардың шеруіне 10 мыңға жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды ERNUR. KZ тілшісі.

Қалада 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалар мен жастардың дәстүрлі "Шабыт шеруі" ұйымдастырылды. Қаланың 131 мектептің қатысуымен өткен шеруде домбырашылар, барабаншылар, бишілер, музыкалық оркестр, жүлдегер спортшылар сап түзеп мерекелік көңіл-күймен алаңды жүріп өтті.

Шараның мақсаты - баларларды рухани-адамгершілікке шақыру, патриоттық тәрбие беру, олардың бойынан орындаушылық шығармашылығын арттыру.

Шерулеттіп өткен балалардың, сондай-ақ мектеп ұжымдарының жеткен жетістіктері айтылды. Колледж студенттерінен құралған топтар өз мамандықтарына сай киім үлгісімен шеру соңын қорытындылады.
Ұйымдастырылған салтанаттық шеру мерекелік концерттік бағдарламамен ұласты.