Шымкентте 10 үздік жасқа «Eлбасы медалі» табысталды

0
1 571

Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» номинациясы бойынша марапатталады.


Шымкентте 10 үздік жасқа «Eлбасы медалі» табысталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Тәуелсіздік күні» мерекесі қарсаңында10 оқушыға «Елбасы медалін» табыстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Елбасы Медалі» байқауы қоғамның түрлі саласындағы 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған. Марапаттау жас ерекшелігіне қарай үш деңгейде: қола 14, күміс 15, ал, алтын 16 жастан бастап белгіленген.
Жеңімпаздар «Спорт және дене шынықтыру», «Дарын мен дағды», «Еріктілік», «Туристік саяхаттар», «Кітап оқу», «Ұлттық мұра» және «Еңбек тәжірибесі» номинациясы бойынша марапатталады.
Бүгінгі Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы жеңімпаздарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, шығармашылық табыс және жаңа бастамаларда сәттілік тіледі.
–2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы белсенді және талантты жастарды қолдау бойынша «Ел үміті» жалпыұлттық бастамасын ұсынды. Бұл бастама аясында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры дарынды балаларды анықтайтын «Қабілет», «Елбасы медалі» сынды бірнеше бірегей жобаны қолға алды. «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысу тәртібі Үкімет қаулысымен бекітіліп, Тұңғыш Президент қорының қолдауымен өтіп отыр. Оның басты мақсаты - өскелең ұрпақты қолдау және ынталандыру. Бұл Сіздердің қаламыздың абыройын асқақтатып, қаламызға қосқан үлестеріңіз! Біз Сіздермен мақтанамыз! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, -деді қала әкімі.
«Елбасы медалі» жобасында жеңімпаз болған қаланың 10 үздігі:
Жамбеков Шерхан Нурланұлы - «Білім-инновация ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты» 10 Б сыныбының оқушысы
Есімбай Жасұлан Асқарұлы – «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты» 10 Б сыныбының оқушысы;
Жайлау Жансая Иманалиқызы - Дарынды балаларға арналған
№1 мамандандырылған IT лицей-интернат 10 Ә сыныбының оқушысы
Нұртаза Гаухар Айбекқызы - №2 Мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернаты 9 А сыныбының оқушысы;
Еримбетова Арайлым Бимуратқызы - М.Әуезов Атындағы Оңтүстік Қазақстан Университетінің 1 курс студенті;
Жанаділ Әсел Мұратқызы - Дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының 9 А сыныбының оқушысы;
Айтбаева Аружан - №129 жалпы орта мектебінің 8 Д сыныбының оқушысы;
Ерханова Балжан Бахитжанқызы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс студенті;
Налибаева Камилла Дильдахановна - Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясы колледжінің 1 курс студенті;
Орынбасар Мейірбану Қуанышбекқызы - 54 жалпы білім беретін мектебінің 10 А сыныбының оқушысы.