Шымкентте 1000 адам Абайдың әнін хормен орындады

0
1 601

Бұл шара Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай өткізіліп отыр.


Шымкентте 1000 адам Абайдың әнін хормен орындады

Шымкенттік жоғарғы оқу орнында ұстаздар мерекесі аясында 1000 адам хормен ән шырқады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласындағы Түркістан жоғары аграрлық колледжінде қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай 1000 адамнан тұратын хор ұйымдастырылды.

Аталған іс-шара «Ұстаздар күні» мерекесі аясында, «Абай оқулары» эстафетасын жалғастыру мақсатында өткізіліп, оқу ордасының қызметкерлері мен студенттері ақынның «Желсіз түнде жарық ай» әнін хормен орындады.