Шымкентте 1000-ға жуық отбасы баспаналы болады

0
2 296

Шымкент қаласы аталған көрсеткіш бойынша республикада 3-орында.


Шымкентте 1000-ға жуық отбасы баспаналы болады
Шымкент қаласында тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өткен жылы шаһарда алаңы 1 млн шаршы метрден астам 14 224 пәтерлі 262 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде, жеке құрылысшылар есебінен 6 147 пәтерлі 126 көпқабатты тұрғын үй бар.

Президент Жолдауында азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты, ең алдымен баспана мәселесіне тікелей байланысты екенін айтқан болатын. Осыған орай Шымкент қаласында бюджет есебінен 8077 пәтерлі 136 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ал өткен жылдың соңында қалада 280 арендалық пәтер және 4 461 пәтерлі 77 кредиттік тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.
Биыл Шымкентте сатып алу құқығынсыз 976 пәтер кілтін үлестіру жоспарланып отыр. Оның ішінде 300 пәтер «Жастар» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүрген жастарға, көпбалалы отбасыларға 378 пәтер, ал, 298 пәтер кілтін әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға табыстау көзделген.