Шымкентте 101 жастағы әжейдің жүрегіне ота жасалды

0
2 524

Қария қаладағы кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен түскен.


Шымкентте 101 жастағы әжейдің жүрегіне ота жасалды

Шымкенттік дәрігерлер 100 жастан асқан Варвара Толоконникованың жүрегіне операция жасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кардиолог дәрігерлер мұндай қадамға алғаш рет барғанын айтады. Биыл 101 жасқа толған қария қаладағы кардиологиялық орталыққа жедел жәрдеммен түскен. Бастапқыда науқас көзі қарауытып, басы айналуына шағымданған. Сондай-ақ денесінде әлсіздік пайда болыпты.

Дәрігер науқасқа жүректің созылмалы жеткіліксіздігі диагнозын қойып, шұғыл жағдайда операцияға алған. Білікті аритмологтардың дәнекер болуымен кейуананың беті бері қарады. Қазір Варвара әже палатаға шығарылды. Соғыс кезінде тылдағы авиация зауытында жұмыс істеген ол, ешқашан денсаулығына шағымданбаған.



- Науқастың жағдайы бастапқыда ауыр болды. Денсаулығына байланысты бұл операцияны жедел түрде жасадық. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы жақсы. Біз оны палатаға ауыстырдық. Өзін жақсы сезінеді, - д
еді врач-аритмолог Берик Есенбеков.