Шымкентте 11 жасар балаға зорлық көрсеткен ер адам ұсталды

0
11 742

Видеода ер адам тұрғынүй кіреберісінде балаға зорлық белгісі көрініс тапқан әрекет жасағаны анық көрінеді.


Шымкентте 11 жасар балаға зорлық көрсеткен ер адам ұсталды

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Шымкентте 11 жасар балаға зорлық көрсеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде жас шамасы 10-11 жастағы ұл балаға зорлық жасаған ер адамның видеосы таралып жатыр. Оқиға 1 шілде күні Шымкент қаласындағы 18 шағын ауданында болған. Видеода ер адам тұрғынүй кіреберісінде балаға зорлық белгісі көрініс тапқан әрекет жасағаны анық көрінеді. Бейнежазбада біраз уақыттан соң келіп қалған әйел оны қуып шыққаны да жазылып қалған.

Күдіктінің бет әлпеті әлеуметтік желілердегі видеодан анық көрінеді.

Полиция қызметкерлері күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Ол өз кінәсін толықтай мойындаған. Айыпты 1985 жылы туылған, Шымкент қаласындағыЕңбекші ауданында анасымен бірге тұрады.

11 жасар баланы дәрігерлер қараған. Қазіргі уақытта ата-анасымен бірге, үйінде. Қала тұрғындары педофильдерден абай болуға шақыруда.

Видео әлеуметтік желілерде әлі де белсенді таралып жатыр. БАҚ туралы ҚР заңының 14-бабына сәйкес, ERNUR.KZ видеоны жарияламайды және әлеуметтік желі қолданушыларынан оны әрі қарай таратпауын сұрайды.