Шымкентте 12 жасар бала газдан уланып қайтыс болды

0
1 008

Қалада көмірқышқыл газымен уланған 92 жағдай тіркелген.


Шымкентте 12 жасар бала газдан уланып қайтыс болды

Жылу маусымы басталғал көмірқышқыл газымен уланғандар қатары артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Б.Позилов мәлімдеді.

Осы уақытқа дейін қалада көмірқышқыл газымен уланған 92 жағдай тіркелген. 2 адам ауыр жағдайда. Ал 12 жастағы бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болды.

5 қараша күні 2 үйден газға улану бойынша шақырту түскен.

Сонымен қатар, басқарма басшысы үйдегі газ қондырғыларын арнайы мамандарды шақыртып тексертіп тұру қажеттігін айтты.

Егер де, газ құрылғыларынан ақау анықталған болса немесе жағымсыз иіс шықса шұғыл 104 нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз.