​Шымкентте 13 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

0
3 047

Үш айдан соң ғана қолға түскен күдікті 1988 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан.


​Шымкентте 13 жасар қызды зорлаған күдікті қамауға алынды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында он үш жасар кәмелетке толмаған қыз баланы зорлаған күдіктіге қатысты санкция берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өткен жылдың тамыз айында Шымкент қаласы Оразбаев көшесіндегі үйлердің бірінде жасөспірім қыз баланың жыныстық сипаттағасы зорлық фактісі тіркелген.

Үш айдан соң ғана қолға түскен күдікті 1988 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан. Ол жаздың кешінде досының үйіне қонаққа келіп көңіл көтеріп спиртті ішімдік ішкен. Алкогольді ішімдікке масайып алған ол сол үйдің 2005 жылы туған жасөспірім қызын зорлаған көрінеді.

"Өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен бұлтартпау шарасын қолдану туралы санкция берді. Тергеу уақытында екі ай бойы күдікті қамауда болады", - деп хабарлайды Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының судьясы.