​Шымкентте 14 адам жұмыс орнында қайтыс болған

0
1 135

Шымкенттегі кәсіпорындарда 7 топтық жазатайым оқиғасы тіркелсе, 18 адам зардап шеккені белгілі болды.


​Шымкентте 14 адам жұмыс орнында қайтыс болған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде жыл бойында 62 жазатайым оқиға орын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салдарынан 14 адам қайтыс болып, 73 жұмыскер жарақаттанған. Оның 29-ы ауыр жарақат алса, 30 жеңіл жарақаттанған екен.

Шымкенттегі кәсіпорындарда 7 топтық жазатайым оқиғасы тіркелсе, 18 адам зардап шеккені белгілі болды. 18-дің 9-ы ауыр жарақат алса, алтауы жеңіл зардап тартқан. Өкінішке орай, тағы үшеуі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмған.

Орын алған 101 өндірістік жазатайым оқиғалардың 28-де еңбек инспекциясымен бірлесе кәсіподақтардың қатысуымен зерттеу жұмыстары жүргізілген. Қалған мекемелерде кәсіподақ болмауына байланысты зерделеуге қатысуға мүмкіндік болмаған көрінеді.

Осыған орай, кәсіподақ құрылмаған мекемелерде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу және оларға мүшелер тарту жұмыстары жүргізілген. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында өндіріс орындары мен кәсіпорындарда жаңадан 41 бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, оған 3079 мүше тартылған.