Шымкентте 17 жасар азамат құрдасын атып өлтірді

0
1 160

Жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала шолақ мылтығымен 2001 жылы туған құрдасын жарақаттайды. Жылдам жедел жəрдем шақыртылған. Алайда, атыс қаруынан жарақат алған 17 жасағы бозбала ауруханаға жете алмады.


Шымкентте 17 жасар азамат құрдасын атып өлтірді

Шымкентте жасы кəмелетке толмағандар арасындағы жанжал туып, төбелес соңы кісі өлімімен аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкенттегі Самал шағынауданына биыл ғана орта мектепті бітірген бозбалалар жиналып бір біріне күш көрсетіп, сестенбек болған. Жиналған екі топ бозбала өзара кімнің күшті екендігін дəлелдемек боп сөзге келмей ерегісіп, төбелесе кеткен. Жаппай төбелес кезінде 17 жастағы бозбала шолақ мылтығымен 2001 жылы туған құрдасын жарақаттайды. Жылдам жедел жəрдем шақыртылған.

Алайда, атыс қаруынан жарақат алған 17 жасағы бозбала ауруханаға жете алмады. Алған ауыр дене жарақаттары салдарынан жедел жəрдем көлігінде мерт болған. Күдікті құрықталған. 2001 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны қамауға алынған. Шымкент қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен 2018 жылдың 9-шы қазанында тергеп- тексеру кезеңінде екі ай мерзімге темір торға тоғытылған. "Күзетпен ұстау шарасы кезінде тергеу сотының судьялары кепіл мөлшерін анықтауға міндетті. Алайда адам қазасы болғандықтан, ауыр қылмыс болғандықтан кепіл мөлшерін анықтаудан бас тартылды.Күзетпен бұлтарпай ұстау шарасы қолданылды"-дедйді Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.

Айта кетейік, өмірінің он жетінші күзінде оққа ұшып мерт болған бозбала да, құрдасына қару кезеніп, кісі өлтірді деп күдіктелген айыпталушы да Шымкент қаласындағы оқу орындарының біріне биыл ғана оқуға түксен.