Шымкентте 18 ірі ауылшаруашылық жобасы жүзеге асырылуда

0
678

Жоба арқылы 568 қала тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі.


Шымкентте 18 ірі ауылшаруашылық жобасы жүзеге асырылуда

Шымкентте жыл соңына дейін құны 8 миллиард теңгеден асатын 18 жобаны іске қосу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, бұл жоба арқылы 568 қала тұрғыны жұмыспен қамтамасыз етіледі.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы бюджеті мен жұмыс орындары көп 18 жобаның ішінен 7 жобаны үздік деп таңдаған.

Олар:

* 165 жұмыс орнына арналған 5 жылыжай кешені - 4,9 млрд.

* 25 жұмыс орнын қамтитын 7 мың басқа арналған құс фабрикасы - 12 миллион теңге;

* 26 жұмыс орындық алма бақшалары (15 га) - 190 млн. Теңге;

* Тауарлы-сүт фермасы (200 бас) 15 жұмыс орнына арналған - 265 миллион теңге;

* 80 жұмыс орнын қамтитын құс фабрикасы - 1,2 млрд теңге;

* Жеміс / көкөніс өңдеу жобасы арқылы 60 адам жұмыспен қамтылады - 400 млн. теңге;

* 35 жұмыс орнын қамтитын сүт өңдеу зауыты - 50 миллион теңге.