Шымкентте 180 млн АҚШ долларына жаңа аурухана салынады

0
1 004

Ғабидолла Әбдірахымов қала аумағында ауруханалар мәселесін шешу мақсатында арнайы инвесторлармен кездесті.


Шымкентте 180 млн АҚШ долларына жаңа аурухана салынады

Шымкент қаласында 180 млн АҚШ долларын құрайтын 1000 адамға арналған көппрофильді жаңа аурухана бой көтереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қала аумағында ауруханалар мәселесін шешу мақсатында арнайы инвесторлармен кездесті. Бұл туралы қала әкімі өз инстаграм парақшасында мәлімдеді.

"Шымкент қаласының ауруханаларында шамамен 1 200 адамға жатын-орны жетіспеушілігі сақталуда. Осы мәселені шешу үшін бүгін инвесторлармен арнайы кездесіп, қаламызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жаңа медициналық комплекс құрылысын талқыладық. Сөзсіз, мұндай медициналық орталық қаладағы денсаулық сақтау жүйесін әлдеқайда жетілдіре түседі.
Талқылаудың нәтижесінде, жалпы құны 180 млн АҚШ долларын құрайтын және толығымен инвесторлар есебінен қаржыландырылатын заманауи стандарттарға сәйкес келетін, көппрофильді, 1 000 адамға арналған жаңа аурухана құрылысы осы жылдың тамыз айынан бастап іске асырыла бастайды",- дейді әкім өз әлеуметтік желі парақшасында.