Шымкентте «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер қабылдайды

0
1 561

2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер 16 наурыздан бастап қабылданбақ.


Шымкентте «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер қабылдайды

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы 2020 жылғы 16-31 наурыз аралығында тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «2-10-20» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге өтінімдер қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған бағдарламаға қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;
2) отбасының әрбір мүшесіне шаққанда айына заңнамада белгіленген кірісі екі ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын табысының болуы (62 366 теңге), соңғы 6 (алты) айдағы орташа табысының болуы (балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды есепке алмағанда);
3) неке бұзылған сәттен бастап 3 жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
4) төлем қабілеттілігін растау;
5) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасы санаттары бойынша кезекке тіркелгендігін растауы.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) жеке куәлік (отбасы мүшелерін куәләндыратын құжаттарының көшірмелері);
2) балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
3) неке туралы немесе некенің бұзылғандығын растайтын куәлік;
4) төлем қабілеттілігін растау үшін жұмыс орнынан соңғы 6 айлық көрсеткіш.

Құжаттар Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12А, 1-қабатта қабылданады