Шымкентте 20 тұрғын үй пайдалануға берілді

0
662

Биыл қосымша 5 арендалық үйдің құрылысы аяқталып, 280 пәтер пайдалануға тапсырылады.


Шымкентте  20 тұрғын үй пайдалануға берілді

Шымкентте биыл154 нысанның құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салада негізінен көпқабатты тұрғын үйлер құрылысына басымдық берілуде. Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюджет есебінен 92 үйдің құрылысы іске асырылып жатыр. Өткен 9 айда 20 үй пайдалануға берілді. Оның ішінде: Әкімшілік-іскерлік орталығында 528 пәтерлік 8 тұрғын үй, «Шымкент сити» шағынауданында 888 пәтерлі 12 тұрғын үй.

Қазан айында «Шымкент сити» шағынауданындағы 160 пәтерлі 4 үй, желтоқсанда «Тұран» шағынауданында 1708 пәтерлі 27 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Жыл қорытындысымен 3284 отбасы өз баспанасын сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

Биыл қосымша 5 арендалық үйдің құрылысы аяқталып, 280 пәтер пайдалануға тапсырылады. Бұдан бөлек, қарашада нарықтан 696 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, жалпы 976 арендалық пәтер тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға беріледі. Оның ішінде: 378 – көпбалалы отбасылар, 298 – әлеуметтік осал топтар, 300 – жұмыс істейтін жастар.

Құрылыс басқармасы мамандарының айтуынша, 9 айда 357, 2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 118пайызды құрады.

Жыл соңына дейін 254,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. 201 көпқабатты тұрғын үйлерді инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында 34 нысанның құрылысы жүргізіледі. 1 нысанның құрылысы аяқталып, 39 тұрғын үй және 1 мектеп қажетті инфрақұрылыммен қамтылған.