Шымкентте 20 жасар жігіт ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті

0
832

Күдікті мен ер-азаматтың арасындағы қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде туындағаны анықталды.


Шымкентте 20 жасар жігіт ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті

Шымкент қаласында екі адамның өліміне қатысты күдікті ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бір тәуліктен аз уақыт ішінде аса ауыр қылмысты жасаған күдікті 20 жастағы Түркістан облысының тұрғыны Еңбекші аудандық Полиция басқармасының қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қала тұрғындарының үрейін тудырған қылмыстың мән-жайы тексерілген. Алдын ала болжам бойынша, отбасылық жұпты қатыгездікпен өлтірген адам сол үйге келген қонақ болған.

Бір тәулік бойы іздестірілген күдікті қолға түскен. Ол Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Полицейлер жанжалдың екі ер-азаматтың арасында орын алғанын анықтаған. Ал әйел оларды ажыратпақшы болған немесе жантүршігерлік қылмыстың куәсі болуы мүмкін. Екі адамның өлі денесін үй иесінің анасы тауыпты. Көршілерінің пікірінше, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасып тұратын көрінеді.

Аталған жайт Қылмыстық Кодексінің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Айғақты заттар тәркіленіп алынды.