Шымкентте 209 гектарға жылыжай салынған

0
598

Оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі.


Шымкентте 209 гектарға жылыжай салынған

Шымкент қаласында соңғы жылдары жылыжай шаруашылығына қызығушылық артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір қала аумағында 209 гектар жылыжай кешені бар, оның 71 гектары өнеркәсіптік жылыжайларға тиесілі. Бұл кешендерде жылына шамамен 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс түрлері өндіріліп, ішкі және сыртқы нарыққа сатылуда.

Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде жылыжай шығынының 25 пайызы мемлекеттен төленеді. Одан бөлек төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге қолдау болып отыр. Сондай-ақ жылыжайға қажетті тыңайтқыштар мен тұқымдарына да субсидия қарастырылған.

Еске сала кетейік, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген инвестициялық субсидиялау бағдарламасы арқылы салынып жатқан жылыжай шығынының 25 пайызын мемлекет өтейді. Одан бөлек, «КазАгро» корпорациясының төмен пайызды несиелеу бағдарламасы да кәсіпкерлерге жақсы демеу болып отыр. Жылдан-жылға халық саны өсіп отырған Шымкент қаласында егістік алқаптар қысқарып келеді. Сала мамандары алдағы уақытта жылыжай кешенімен бірге мал шаруашылығына басымдық беріледі дегенді алға тартады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы өз Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, соның ішінде агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырған болатын. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге жерді жедел әрі ашық бөлудің тиімді әдістерін тұжырымдау жөнінде Үкімет алдына міндеттер қойған еді. Президент тапсырмасына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында Шымкент қаласында жұмыс тобы құрылған. Бүгінде жұмыс тобы осы салада сыбайлас жемқорлық тәуекелін болдырмау үшін арнайы талдау жүргізіп, агроөнеркәсіптік кешенді ұзақ мерзімді субсидиялауға қатысты ұсынысын енгізген.