Шымкентте 24 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

0
955

Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантин талаптары күшейді


Шымкентте 24 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтіледі

Шымкенттегі карантиндік шаралар 24 маусымнан бастап қатаңдатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілішісі.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді.

1. Базарлардың жұмыс кестесі таңертең сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтерме сауда базарлары сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектеледі;

2. Барлық сауда нысандарының (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.) жұмыс кестесі 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендері сағат 21:00-ге дейін шектеледі;

3. Әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру орындарының (кафелер, мейрамханалар және т.б.) жұмыс кестесі сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал донер, лаваш орталықтары, құйылатын сусындар мен балмұздақтар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі;

4. Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі таңертең сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін шектеледі;

5. Қоғамдық көліктер дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектеледі;

6. Жұмыс күндері (дүйсенбі – жұма) қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA - салондары және сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеледі. Демалыс күндері (сенбі, жексенбі) жұмысы тоқтатылады.

Ал демалыс күндеріндегі (сенбі, жексенбі) карантин шараларын айтар болсақ:

1. Жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендерін (10:00-ден 21:00-ге дейін) қоспағанда, барлық сауда базарлары (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары) және сауда нысандарының (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, оның ішінде орналасқан дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер) жұмыстары тоқтатылады;

2. Барлық қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы және қоғамдық көліктердің жұмысы тоқтатылады.

Сұхбат соңында карантин кезеңінде жұмысын тоқтататын нысандар да айтылды:

1. Мектепке дейінгі (балабақша, түзету орталықтары) ұйымдардың жұмысы тоқтатылады;

2. Спорт нысандарының (фитнес-орталықтары, жаттығу залдары, спорт бассейні және кешендері) жұмысы тоқтатылады;

3. Базарлардың санитарлық күні демалыс күнге (сенбі, жексенбі) белгіленеді;

4. Қала тұрғындарының көпшілік жиналатын орындарға, оның ішінде жиі жиналатын орындар, жаяу серуендеу орындары (көше), саябақтарға, скверлерге, жағалауға, алаңдарға, балалар және спорттық алаңдарына, туристік орындарға баруға шектеу қойылады.

Ал қала көлеміндегі барлық медициналық ұйымдар, дәріханалар және қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты барлық коммуналдық қызметтер қалыпты режимінде жұмысын жалғастырады.