Шымкентте 27 жастағы жігіт қайтыс болды

0
1 052

Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр.​


Шымкентте 27 жастағы жігіт қайтыс болды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

Шымкентте 27 жастағы жігіт газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай 24 наурыз күні кешкі сағат сегіз шамасында болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Гагарин көшесінде орналасқан кілем жуатын цехқа сағат 20.38 минутта жедел жәрдем қызметі шақыртылған.

Дәрігерлер 14.01.1993 жылы туған Нышанбаев Марс Жалғасбайұлының мәйітін тапқан. Оқиға орнына сағат 20.48-де жеткен апатты құрықтау бригадасы "Идеал-98" ЖК-ге тиесілі кілем жуатын цехтың жуынатын бөлмесінде белгісіз маркалы су жылытқыш орнатылғанын анықтаған. Көлемі 1,6х1,7х3м душтың су жылытқышына түтін тартқыш құбыр сырттан қабырға арқылы жалғанған боп шыққан.

"Түтін тартқыш құбыр су жылытқышқа берік бекітілмегені белгілі болды. Апатты құттықтау бригадасы Ду-25 мм-лі газ кранын (инд. ШРП-129/753) жауып кетті,"- деп мәлімдеді "Қазтрансгаз" мекемесі Шымкент бөлімінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қайғылы жағдайдың себептері анықталып жатыр.