Шымкентте 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәріс өтті

0
1 015

Дәрісті "Парасаттылық мектебінің" арнайы оқытылған 50 лекторы өткізді.


Шымкентте 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәріс өтті

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен кезекті республикалық Адалдық сағаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, "Парасаттылық мектебінің" арнайы оқытылған 50 лекторы "Шымкент – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, Арнайы мониторингтік топ, Нұр Отан, ардагерлер кеңесі, жастар ұйымдары мен қамқоршылық кеңестерінің өкілдерімен бірлесе қаланың 140 мектебінде 28 мыңнан астам оқушыны қамтыған дәрістер өткізді.

Аталған кездесулердің форматы ойын коучингтері, тренингтер, дөңгелек үстелдер түрінде ұйымдастырылып, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың негізгі мақсаттары, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы парасаттылықтың рөлі түсіндірілді.

Одан бөлек, шараларда өскелең ұрпақтың парасаттылық қағидаларын жүзеге асыруда және таратуда, қазақстандық патриотизм рухында жеке тұлғаны тәрбиелеуде және жемқорлықты қабылдамаудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Сондай-ақ, парасатты дос, аға, ұл, оқушының үлгісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының өзегі болып табылатындықтан, «Парасаттылық мектебінің» лекторлары өз баяндамаларында жастарды насихаттау қызметінде бірлесе жұмыс жасауға шақырды.