Шымкентте 285 мың медициналық бетперде таратылды

0
1 044

Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген.


Шымкентте 285 мың медициналық бетперде таратылды

Шымкентте 285 мың медициналық бетперде таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін Шымкент қаласында мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға 285 мың медициналық бетперде таратылды. Бұл бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың бетперде түсті. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалауда.

Індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін әрбір азамат көшеге шыққанда, қоғамдық көліктерге мінгенде және басқа да көпшілік орындарға барғанда міндетті түрде бетперде тағып, сақтық шараларын мұқият орындау тиіс. Сондықтан Шымкент қаласының әкімдігі жергілікті кәсіпорындармен бірлесе отырып медициналық бетперде өндірісін арттыру бойынша жұмыс жүргізуде.