Шымкентте 296 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

0
693

Олар көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған.


Шымкентте 296 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері 10-17 қазан аралығында «Автобус» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған іс-шараның 8 күнінің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 1438 тәртіп бұзушылықты анықтады. Олар:
• «Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу» бойынша – 67;
• «Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлік құралын басқару» бойынша – 39;
• «Рейс алдындағы техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы медициналық тексеруден өтпеген жүргізушіні басқаруға рұқсат беру» бойынша – 22;
• «Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару» бойынша – 54;
• «Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануы» бойынша – 296;
• «Маневр жасау қағидаларын бұзу» бойынша – 86;
• «Қарсы жүріп өту қағидаларын бұзу» бойынша – 3;
• «Көлік құралын алкогольдік күйде басқару» бойынша – 1;
• «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқару» бойынша – 5;
• «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» – 49 және өзге де құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.