Шымкентте 3 жасар бала кір жуғыш машинаның ішінде қысылып қалды

0
1 320

Бүлдіршін машинаның кір сығуға арналған бөлігіне түсіп кеткен.


Шымкентте 3 жасар бала кір жуғыш машинаның ішінде қысылып қалды

Шымкент қаласы Асар-2 шағын ауданында 3 жасар бала кір жуғыш машинаның ішіне түсіп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылы 16 қыркүйек күні сағат 18.55-те жедел құтқару қызметінің байланыс тетігіне Шымкент қаласы Асар-2 шағын ауданының тұрғыны 2016 жылы туылған бала екі аяғымен кір жуғыш машинаның сығуға арналған бөлігіне түсіп кетіп, шығара алмай жатқанын айтып хабарласқан.

Тиісінше, жедел құтқару қызметінің мамандары аталған мекенжайға сағат 19.31-де жетіп, металл кесетін қайшылардың көмегімен кір жуғыш машинаның сығу бөлігінен баланы алып шыққан.

Айта кетейік, қазір баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.

дереккөз: Шымкент қаласының ТЖД