Шымкентте 300 мыңға жуық адам 42500 теңге алған

0
2 234

Жалпы қаржы көлемі – 19,9 млрд теңге.


Шымкентте 300 мыңға жуық адам 42500 теңге алған

Елімізде төтенше жағдай жарияланған кезеңде, 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында Шымкентте табысынан айрылған 285 551 азаматқа 42500 теңге төленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қауіпті дерт ушыққан шілде-тамыз айларында қалада 143 563 адамға 6,1 млрд.теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасалды.

Шаһардағы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Наурыз-мамыр айларында қаланың 74 мыңнан астам тұрғынына 5556 теңге көлеміндегі ақшалай жәрдем берілді. Бұл мақсатқа 996 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Ал шілде-тамыз айларында аталған көмек 89 мыңнан астам азаматқа 954,5 млн. теңге көлемінде көрсетілген.
«Birgemiz» қайырымдылық қоры арқылы аз қамтылған отбасыларға 50 мың теңгеден 41 630 адамға, жалпы 2,1 млрд. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Індет өршіген кезде халықтың сақтық шараларын сақтауына да қолғабыс жасалғанын айта кеткен жөн.
Төтенше жағдай кезеңінде аз қамтамасыз етілген 20 мың отбасыға «Birgemiz» қайырымдылық қорынан 1 млн дана бетперделер таратылды.
Одан бөлек, демеушілердің есебінен Наурыз мекересіне орай 1 800 отбасыға және 6 шілде – Нұр-Сұлтан қаласы мерекесі күніне орай 1 200 отбасыға азық-түлік жиынтығы үлестіріліп, қиын-қыстау кезеңде көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.