Шымкентте 303 көшеге жарық шамдар орнатылады

0
2 614

Мегаполистің көше шамдарымен қамтамасыз етілуі 70 пайызды құрайтын болады.


Шымкентте  303 көшеге жарық шамдар орнатылады

Шымкент қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 303 көше жарықтандырылады, деп деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мегаполистің көше шамдарымен қамтамасыз етілуі 70 пайызды құрайтын болады.


Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әртүрлі салаларда мемлекеттік- жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында салынып, пайдалануға берілген нысандардың артқанын айтты. Сонымен қатар, қала басшысы МЖӘ аясындағы жобалар екі тарапқа да тиімді екенін жеткізді.

«Шымкент қаласының сыртқы жарықтандырудың құрылысын салу, қайта құру және пайдалану» жобасы бойынша баяндама жасаған қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Болатбеков 2021-2027 жылдарға 16 411,9 млн. теңгеге мемлекеттік міндеттеме алу ұсынылғанын мәлім етті.

- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мерзімі – 7 жыл, оның ішінде құрылыс мерзімі – 36 айды құрайды. Бұл жобада сыртқы жарықтандыру желілерін салу, яғни, 14264 дана жарықдиодты шамдар, 14264 дана бағаналар мен 436 км кабель жүргізіледі. Нәтижесінде 4 жылда 303 көше жарықтандырылатын болады,- деді Б.Болатбеков.