Шымкентте 319 адам мүгедектіктен айықты

0
771

Қайта куәландырылған 5008 адамның 4251-і қайта мүгедек ретінде танылды. 319 адам толық оңалтылып, мүгедектік топтары тоқтатылды.


Шымкентте 319 адам мүгедектіктен айықты

2020 жылдың 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында 18 мекемеге тексеру тағайындалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде, жоспардан тыс тексеру – 15, профилактикалық тексеру – 3. Тексеру нәтижесі бойынша 16 мекемеге жалпы соммасы 1 714 025 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушысы Төрехан Дауытов мәлімдеді
Қазіргі таңда Үкімет тарапынан 2019-2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту бағытына арналған іс-шаралар жоспары әзірленген.
Шымкент қаласында арнайы қажеттіліктері бар адамдар үшін инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 9 айында медициналық-әлеуметтік сараптама тарапынан қайта куәландырылған 5008 адамның 4251-і қайта мүгедек ретінде танылды. 319 адам толық оңалтылып, мүгедектік топтары тоқтатылды. Жартылай оңалтылғандар саны – 379 адам.