Шымкентте 34 инвестициялық жоба іске асты

0
2 683

Онда 2000 жаңа жұмыс орны ашылды.


Шымкентте 34 инвестициялық жоба іске асты

Шымкент қаласында өткен жылы 2020-2025 жылдардағы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың ішінде 88,8 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба іске асырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Онда 2000 жаңа жұмыс орны ашылды.

2021-2025 жылдары жалпы құны 1,36 трлн. теңгені құрайтын 123 инвестициялық жоба іске асырылады.

Осы жылы жалпы құны 128 млрд. теңгені құрайтын 60 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2,9 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Алдағы 5 жылға арналған Шымкент қаласының кәсіпкерлігін қолдау картасы шеңберінде 367,2 млрд.теңгеге 52 жоба жүзеге асырылу жоспарланған. Атап айтқанда 2020 жылы құны 37,7 млрд.теңгеге 1 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 22 жоба іске қосылды.
Ал биыл карта аясында 50,4 млрд.теңгеге 1299 жұмыс орнын құрылады, 21 жобан іске қосылады деп күтілуде.