Шымкентте 34 мыңнан астам балаға әлеуметтік пакет берілді

0
743

Аталған көмек түрі 1-6 жастағы балалары бар, табысы аз отбасыларға беріледі.


Шымкентте 34 мыңнан астам балаға әлеуметтік пакет берілді

Шымкентте 34 мыңнан астам көпбалалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға 115 452 кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оларға биыл республикалық бюджеттен 2,4 млрд. теңге бөлінген.
Аталған көмек түрі 1-6 жастағы балалары бар, табысы аз отбасыларға беріледі. Азық-түлік жиынтығының түрі адамның (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш берген кезінде және оны тағайындау кезеңінде тікелей баланың жасына байланысты анықталады.
Сонымен қатар, тұрмыстық химия тауарларының жиынтығы тоқсанына бір рет атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде ұсынылады. Бүгінге дейін 24 311 көп балалы немесе аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға гигеналық құралдар берілді. Шымкентте әлеуметтік пакеттерді «Magnum Cash and Carry», «Gramad Retail», «Көктем» ЖШС-нан және «Баян сұлу» СҮ алуға болады.