Шымкентте 3,5 мыңға жуық кезекші сынып ашылды

0
883

Пандемияға байланысты елімізде оқу жүйесі қашықтан оқыту форматында жүріп жатыр.


Шымкентте 3,5 мыңға жуық кезекші сынып ашылды

Бүгінде үшінші мегаполис саналатын Шымкент қаласында жеңілдетілген карантин режиміне сәйкес 1-4 сынып оқушылары мектеп қабырғасында білім алып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

49 640 бастауыш сынып оқушысы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 3 344 кезекші топ ашылды. Яғни білім алушылардың 22 проценті мектепке барып жатса, қалған 78 проценті қашықтан білім алуда.
Барлық мектептерде «Bilim Iand - Onlinemektep.org» интернет платформасында қашықтан оқыту ұйымдастырылған. Сонымен қатар, барлық мектептер ҚР БҒМ тарапынан ендірілген «Күнделік.кз» электронды журналдар ақпараттық жүйесінде жұмыс жүргізіп жатыр.
Балалар мектепке кірмес бұрын күнделікті дезинфекциялық өткелден өтуі тиіс. Әріқарай олардың қызуы өлшеніп, антисептик құралымен қолдарын залалсыздандырады. Сондай-ақ, өзімен бірге медициналық бетпердесі жоқ оқушыға жаңа маска беріледі.
Әр кабинеттегі бала саны 15-тен аспайды. Өзара 1,5 метр арақашықтықта қойылған әр партада тек бір ғана оқушы отырады. Кезекші сыныптардағы сабақтар әр уақытқа қойылған. Үзіліс те әртүрлі уақытта болып жатыр.