Шымкентте 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

0
709

17 адам атқарып отырған лауазымынан босатылған.


Шымкентте 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ұсынысы бойынша 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде әрбір қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың себептері мен алғышарттарын жою туралы ұсынулар енгізіліп, ұжымдарда қаралуда.

«Қылмыстық істерді тергеу шеңберінде мемлекеттік органдарға барлығы 51 ұсыну енгізіліп, бүгінгі күнге оның 38-і қаралды", - деп атап өтті Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Жұмағали.

Оның айтуынша, қарау нәтижесі бойынша 36 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Оның 17-сі атқарып отырған лауазымынан босатылса, екеуі жұмыстан босатылып, 8-і қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертілсе, жеті адамға "қатаң сөгіс", екі адамға "сөгіс" жарияланған.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға сәйкес ұжымдардағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша шараларды қабылдамағаны үшін 19 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Оның ішінде 1 – жұмыстан, 9 атқарып отырған лаазымынан босатылса, 1 қызметінен төмендетілген.