Шымкентте 40 000 қаңғыбас ит-мысықтың көзі жойылады

0
2 573

29 ауруға қарсы 351 565 бас малдан қан сынамасы алынып, диагностикалық зерттеу жүргізіледі.


Шымкентте 40 000 қаңғыбас ит-мысықтың көзі жойылады

Шымкент қаласында биыл ветеринария саласында 14 аса жұқпалы ауруларға қарсы 2 079 510 доза екпе егу жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Одан бөлек 29 ауруға қарсы 351 565 бас малдан қан сынамасы алынып, диагностикалық зерттеу жүргізіледі.

- 398 226 бас малды бүрку, тоғыту және 8 656 928 шаршы метр аумақты құрайтын қора-жайларды, буферлік аумақтарды, саябақтар мен гүлзарларды дезинфекциялау секілді энзоотияға қарсы шаралар жылына екі рет көктем-күз мезгілінде жасалады, - деді қалалық ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.

Одан өзге, қаладағы 40 000 қаңғыбас ит-мысықтың көзін жою жоспарланған.