Шымкентте 40 млн теңгелік қымбат автокөлік ұрланған

0
2 006

Қымбат шет елдік көлікті ұрлап, байып шыға келгісі келген суық қолды екеу Жамбыл облысының тұрғындары екендігі анықталған.


Шымкентте 40 млн теңгелік қымбат автокөлік ұрланған

Шымкентте биыл ғана зауыттан шыққан қымбат шетелдік көлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Үшінші мегаполистің кафелерінің біріне түстенуге келген азаматтың су жаңа көлігін суық қолды ұрылар қолды еткен. Айдың күннің аманында тапа тал түсте су жаңа көлігін таппай қалған шыфмкенттік тұрғын дереу ішкі істер органдарына барып арызданған. Полицейлер көлік ұрлап кеткен күдіктілерді құрықтап үлгірді. Қымбат шет елдік көлікті ұрлап, байып шыға келгісі келген суық қолды екеу Жамбыл облысының тұрғындары екендігі анықталған. Екеуі де бұрын сотты болған. Бұл жəйт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексреу органдарынан екі күдіктіге қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотына өтініш хат келіп түседі.

Тергеу соты құрықталған екі күдіктіні тергеп тексеру кезінде, яғни екі ай мерзімге күзетпен бұлтартпай ұстау шарасына санкия берген. Ұсталғандардың біреуі 1982 жылы туған азамат Жамбыл облыстық пробациялық қызмметте шартты түрде жазасын өтеп жүргені анықталған. Ал оның сыбайласы, 1995 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны бұрын аса ауыр қылмысы үшін заң алдында жазасын өтеген. "Екі күдіктінің де бұрын ауыр қылмысы үшін сотты болғандықтан, соттылығы жойылмағандықтан кепіл мөлшері айқындалған жоқ. ҚР ҚК нің 188 бабы 4-ші бөлігі, 3-тармағымен, аса ірі көлемдегі ұрлық қылмысы бойынша айып тағылуда"-дейді Шымкент қаласының мамандандырылған тергеу сотының судьясы Қамшыбек Анарбаев.