Шымкентте 400 гектарға жуық жер учаскесі ағаш егуге дайын

0
787

9 ай көлемінде 2 га жер суғарылып, арам шөптерден тазартылды.


Шымкентте 400 гектарға жуық жер учаскесі ағаш егуге дайын

Шымкент қаласының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жасыл белдеу» мекемесінің мамандары биыл 250 га аумаққа орман патологиялық тексерулер өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Өрттің алдын алу мақсатында мың гектарға жуық жер учаскесінің 30 шақырымына минералды жолақ жүргізді.

396 га жер учаскесі толығымен жыртылып, ағаш егуге дайын тұр.
«Бадам орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» ММ-не қарасты орман тұқымбағы мен Шымсая шатқалына егілген ағаш-көшеттерге күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, 9 ай көлемінде 2 га жер суғарылып, арам шөптерден тазартылды. Сонымен қоса минералды тыңайтқыштар себілді.