Шымкентте 5 мыңға жуық азамат грант алды

0
1 840

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2807 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды.


Шымкентте 5 мыңға жуық азамат грант алды

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл басынан бері 74 адам шағын несие алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ал жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 5 мыңға жуық азаматқа 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грант берілді.

Оған қоса, қалада «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 2807 адам кәсіпкерлік негіздерін оқыды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 237 жоба нақтыланып, 8 мыңнан астам азаматқа жұмыс орны құрылған. Оның ішінде 4491-і Шымкент қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылған.