Шымкентте 6 кітапхана модернизациядан өткізілді

0
606

Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарлануда.


Шымкентте 6 кітапхана модернизациядан өткізілді

Шымкент қаласында 6 кітапхана модернизациядан өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов баспасөз брифингінде баяндады.

«Мәдениет саласында кітапхана желісін жаңғыртуға көп көңіл бөліп отырмыз. Бүгінгі таңда 6 кітапхананы модернизациядан өткіздік. Оның ішінде орталық әл-Фараби кітапханасы бар. Жыл соңына дейін тағы 4 кітапхананы жаңғырту жоспарда тұр. Өздеріңізге баяндағанымдай, кітапханалар «отбасылық кітапхана» концепциясымен дамып жатыр», деді қала әкімі.
1 мамырда қаланың негізгі туристтік нысанына айналуға мүмкіндігі жоғары «Шымқала» тарихи-мәдени кешені ашылған. Қазіргі уақытта кешенді музейлендіру жұмыстары жүргізілуде. Тарихи кешенде хауыз, аспан асты кинотеатр, музей болады.
Сондай-ақ, «ShymQala» этноауылы да ел игілігіне берілген. Этноауылда жыл бойы қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізілетін болады.