Шымкентте 60-қа жуық құтқарушы донор болды

0
729

Бұл іс-шара «25 мың құтқарылған өмір» республикалық акциясының аясында өтті.


Шымкентте 60-қа жуық құтқарушы донор болды

Шымкентте 60-қа жуық төтенше жағдай қызметкері тегін қан тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл іс-шара «25 мың құтқарылған өмір» республикалық акциясының аясында өтті.

Төтеншеліктердің сөзінше тек апатты жағдайда ғана емес, күнделікті өмірде де мұхтаж адамдарға көмектесу міндет болып саналады. Акция соңында игі істі әріптестері түркістандық төтеншеліктерге жолдады. Осы орайда республика бойынша 25 мың құтқарушы қан тапсырады деп жоспарланып отыр.

- Биылғы жылы өте көп мерейтойлар бар. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Ұлы Абайымыздың 175 жылдығы және Халықтар Ассамблеясының 25 жылдығы. Осы мерейтойлардың аясында ТЖД жеке құрамы біраз жұмыстарды атқарып жатыр. Соның бірі қазіргі таңда жастарды тәрбиелеу, сонымен қатар осы жастарға қауіпсіздікті үйрету, - деді Шымкент қаласы ТЖД бастығының орынбасары Ерғали Бахаев.