Шымкентте 600 мыңға жуық адам вакциа салдырған

0
314

Сондай-ақ, 133 402 адам ревакцинацияланды.


Шымкентте 600 мыңға жуық адам вакциа салдырған

Шымкентте соңғы тәулікте КВИ-дің 4 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір екі науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 2 адам үй бақылауына алынған.
Бүгінде қаладағы мамандандырылған инфекциялық-стационарларда барлығы 374 орын бар, төсек орын толымдығы 9,6%-ды құрайды, 338 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 36 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 75 төсек орын бар, 5 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 300 адам вакцина алды (I компонент- 127, II компонент-173). Егу науқаны басталғалы барлығы 598 406 адам вакцинацияланды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 53 394 адам, II компонентін 32 315 адам қабылдады.
Сондай-ақ, 133 402 адам ревакцинацияланды.