Шымкентте 63 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралдары орнатылды

0
1 941

Бүгінгі таңда 63 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралдары орнатылған


Шымкентте 63 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралдары орнатылды

ERNUR.KZ. Шымкентте тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдары орнатылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Әл-Фараби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясын үнемдеу мақсатында жылу есептегіш құралдарының тиімділігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда 63 көпқабатты тұрғын үйге жылу есептегіш құралдары орнатылған. Жылу есептегіш құралы орнатылған тұрғын үйлерде жылудың төлем ақысы 30-40% -ға дейін төмендеп, үнемділік жасайды.

Айта кетейік, жылу есептегіш құралын орнату жөнінде толық мәліметті «Kazakhstan Energy Group» ЖШС-нің директоры Низамутдинов Марат Радикович 8702 389 66 99 немесе 54-96-54 байланыс телефоны арқылы мәліметтерді алауға болады.