Шымкентте 8 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан "Ashyq" жүйесіне қосылды

0
443

Қазіргі кезде 441 тұрғыннан «сары» статус, 863 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.


Шымкентте 8 мыңнан астам кәсіпкерлік нысан

Шымкент қаласында "Ashyq" жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі кезде 441 тұрғыннан «сары» статус, 863 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр.
Шымкентnt бүгінде 45 бекетте вакциналау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егу науқаны басталғалы барлығы 419 934 адам вакциналанды. Оның ішінде 352 329 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Бүгінде медициналық қызметкерлерді вакциналау 100 пайыз, құқық қорғау қызметкерлерін 100, мұғалімдер 180, созылмалы аурулары бар азаматтар 61,1, студенттерді вакциналау 166 пайызға орындалды. Азаматтарға вакцинаның Спутник, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде.
Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілген болатын. Бизнес субьектілеріне келушілердің мәртебесін анықтау барысында «қызыл» және «сары» мәртебелі азаматтар анықталды.
Сондай-ақ, 21-27 тамыз аралығында қалада 2546 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 79 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелді.