Шымкентте 80-ге жуық көшеде қар тазалау жұмыстары жүргізілді

0
482

210 жұмысшы жұмылдырылды.


Шымкентте 80-ге жуық көшеде қар тазалау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында қар тазалау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аудан аумағындағы орталық 76 көшелер мен ішкі орам көшелерін қардан тазалау жұмыстары 10 бағытқа бөлініп, әр бағыт бойынша тиісті қар тазалайтын арнайы техникалар мен жұмысшылар кестеге сай жұмыстарды жүргізуде.

Биыл қыс мезгілінде көшелерді тазарту үшін 30 бірлік техника, 4 бірлік тиегіш (погрузчик) техникасы, 11 трактор, 10 бірлік самосвал техникасы, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус техникасы, 1 бірлік «автомастерская» техникасы, жалпы 60 техника 210 жұмысшы жұмылдырылған.
Қосымша қажеттілікке байланысты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан 19 жалдамалы техникамен келісімшарт жасалған.
Сонымен қатар, қазіргі таңда көшелерге себетін тайғаққа қарсы қоймада 815 м3 инертті зат бар.