Шымкентте 80 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

0
1 191

Індеттен сауығып шыққандар саны 465-ке жетті.


Шымкентте 80 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

Шымкентте соңғы 4 тәуліктің ішінде 40 адам коронавирус инфекциясынан айығып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының Баспасөз хатшысы мәлімдеді.

"Шымкентте 4 тәуліктің ішінде 40 науқас індеттен айығып, ауруханадан шығарылды. Оның ішінде 80 жастағы қарт кісі бар. 1940 жылы туылған қарт кісінің коронавирус жұқтырғандығы анықталып, 21 мамыр күні ауруханаға жатқызылған. Қажетті емдеу шаралары жасалынып, 8 маусым күні денсаулығының жақсаруына байланысты, емханадан шығарылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1051 болса, аурудан айыққандар саны 465-ке жетті.