Шымкентте 9 мектеп дәстүрлі форматта білім беруге көшті

0
681

4 873 кезекші сыныпта 62 690 оқушы бұрынғыша мектепке барып білім ала бастады.


Шымкентте 9 мектеп дәстүрлі форматта білім беруге көшті

Шымкент қаласында саны 300-ге дейін оқушы контингенті бар 9 мектеп екінші тоқсанда қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

- Шымкент қаласындағы оқушы саны 250-300 арасындағы 9 мектеп (№61, 67, 70, 73, 98, 117, 121, 123,126) екінші тоқсанда қатаң санитарлық талаптарынсақтай отырып, дәстүрлі форматта білім беруге көшті. ІІ тоқсанда қосымша1877 кезекші сынып ашылуы жоспарланды. Штаттық режимде 4 873 кезекші сыныпта 62 690 оқушы бұрынғыша мектепке барып білім алуды бастады, - дейді Жанат Арыстанбекқызы.

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың қалауы бойынша балаларды кезекші топтарға қабылдау ұйымдастырылды. Топтағы бала саны15 тен аспайды. Қазіргі таңда 3 566 кезекші топта 42 178бала тәрбиеленуде.