Шымкентте 9-сынып оқушысы өз әкесінен балалы болды

0
1 177

Әкесі осы сұмдықтан кейін өз-өзіне қол жұмсаған.


Шымкентте 9-сынып оқушысы өз әкесінен балалы болды

Шымкентте мектеп оқушысы өз әкесінен жүкті болып, бала босанған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін қалалық білім басқармасының өкілдері мәлімдеді.

Қала мектептірінің бірінде оқитын 9 сынып оқушысы осы жылдың мамырында қыз баланы дүниеге әкелген. Қазіргі таңда өмірге келген сәби оқушы қыздың анасының тәрбиесінде. Ал, бұл үйдің әкесі осы сұмдықтан кейін асылып өлген.

Карантин кезінде Шымкентте тағы бір оқушы өз-өзіне қол салған. 15 жастағы бозбала отбасы мүшелерімен араздасқан көрінеді. Осыдан кейін ол суицид жасаған.

Бұдан бөлек, жыл басынан бері қалада тағы 7 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталған. Абырой болғанда, олардың барлығы да дін-аман. Айта кетейік, өткен жылы Шымкентте 3 мектеп оқушысы суицидтен қайтыс болып, 3 бойжеткен мектеп бітірмей жүкті болған еді.