Шымкентте 9-сынып оқушысы жүкті болып қалған

0
2 425

Әзірге оқушы қыздың кімнен жүкті болғаны айтылмайды.


Шымкентте 9-сынып оқушысы жүкті болып қалған

Шымкентте 9 сынып оқушысы жүкті болып қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ол бұған дейін білімді қашықтан алып келген екен. Дәстүрлі форматқа ауысқан оның аяғы ауыр екенін алғашқы болып сыныптастары мен мектеп психологы байқапты. Әзірге оқушы қыздың кімнен жүкті болғаны айтылмайды.

Қалалық білім басқармасы басшысы Жанат Арыстанбекқызының айтуынша, бұл оқиғадан өзі басшылық ететін басқарма хабардар. Қазіргі таңда бұл іспен полицейлер айналысып жатыр екен.


- Қыздың жүкті екені мектепке келген кезінде анықталды. Бұл оқиға құзырлы органға хабарланды. Қазіргі атңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, - деді басқарма басшысы Жанат Тәжиева.


Айта кетейік, Шымкентте осы уақытқа дейін 20 мектеп 14 күндік карантинге жабылған. Оның 10-ы қазір қайта қалыпты жұмысына оралған.