Шымкентте 9 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

0
2 202

Қаңтар айының 5-і күні үйірмеден қайтып келе жатқан 4-сынып оқушысын, үйіне 30 метр қалғанда белгісіз бір азамат құрылысы бітпеген нысанның ішіне күштеп апарып зорлағаны жөнінде жазған болатынбыз. Қылмыстық жағдай орын алғаннан кейін Шымкент қаласы полиция департаменті жедел тергеу басқармасы қызметкерлерін шұғыл тексеру іздестіру жұмыстарын жүргізген еді. Нәтежиесінде полицейлер 9 жасар қызды зорлады деген күдікпен Алматы қаласының тұрғынын ұстады.


Шымкентте 9 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Орын алған қылмыстық жағдайға байланысты ҚР ІІМ мен Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлері бірлесіп жүргізген жедел іс шара нәтижесінде 2019 жылдың бесіншіні қаңтарында тоғыз жасар қыз балаға зорлық жасаған күдікті құрықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Күдікті азамат Алматы қаласының тұрғыны болып шықты. Шымкент қаласы полиция департаменті жедел тергеу басқармасы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі арқасында оқиғаның әр минуттық хронологиясы түзіліп, куәгерлердің ақпараты да күдіктіні қолға түсіруге сеп болған. Ұсталған күдіктіні жәбірленуші де танып отыр.