Шымкентте «Абай бол!» акциясы өтті

0
466

Акция қала тұрғындарының қауіпсіздігін қаматамасыз етіп, өздерінің және жақындарының өмірлерін сақтауға бағытталған.


Шымкентте  «Абай бол!» акциясы өтті

Шымкент қаласында «Абай бол!» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында бірқатар орындарда шомылуға тыйым салынған. Олардың қатарында Янги-шек, Азат, Көкбұлақ, Хауау, Сасық каналдары бар. Аталған каналдардың бойында қала тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін ұстану бойынша демалыс және мереке күндері үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. «Абай бол!» атауымен өткен акция қала тұрғындарының қауіпсіздігін қаматамасыз етіп, өздерінің және жақындарының өмірлерін сақтауға бағытталған.
Ауқымды іс-шара Шымкент қаласы ТЖ департаментінің ұйымдастыруымен өткізіліп, оған барлық құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты ұйымдар ат салысты. Жексенбілік акция барысында ТЖ мамандары қала тұрғындарына «Судағы қауіпсіздік шаралары» бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 5 мыңға жуық тұрғынға парақшалар ұсынылып, арнайы түбіртектер арқылы есеп жүргізілді.
Айта өту керек, осындай үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде қалада шомылу маусымы басталғалы бері жазатайым оқиғалар орын алған жоқ.