Шымкентте адвокат көмекшісі «судьяларға беремін» деп ақша жинаған

0
1 425

Ол 7 жылға сотталды.


Шымкентте адвокат көмекшісі «судьяларға беремін» деп ақша жинаған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте клиенттерден"судьяларға пара үшін" ақша жинаған адвокат көмекшісі сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қаратау аудандық сотында Шымкенттегі адвокаттар кеңсесінде көмекші боп жұмыс істеген 31 жастағы Олжас А.-ға қатысты сот үкімі оқылды.

Тергеу кезінде анықталғандай, сотталушы адвокаттың көмекшілігі қызметін, клиенттердің де құқықтық сауатсыздығын пайдаланып құзыреті жетпейтін құқықтық қызметтері үшін аса ірі мөлшерде ақша жинап алған. Сотталушының алаяқтық іс әрекеттерінің нәтижесінде сотта жеңіліс тапқан клиенттерден ол тайсалмастан тағы "облыстық немесе қалалық сот судьялары үшін" деген сылтаумен төлемге тағы қосуды сұраған.

Әбден алдарқатуынан шаршап, шикілікті сезген клиенттері соңында адвокаттың көмекшісінің үстінен ҰҚКД не шағым келтірген. Сотталушы қылмыс үстінде, яғни, аса ірі көлемдегі ақша алу үстінде құрықталған. Сот тергеуі кезінде сотталушы өз кінәсін ішінара мойындаған. "Судьяларға ақша апарып беремін дегенім жоқ. Алған қаражатты тек өз қажеттілігіме жұмсау үшін алдым", - деп жауап берген.

Сот О.А-ны алаяқтық пен жауапты тұлғаға пара беругеарандатушылық үшін айыпты деп таныды. Сөйтіп сот үкімімен 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Қандай да бір құқықтық қызмет атқарудан 10 жылға шеттетілді.

"Сотталушы ҚР ҚК нің 190 бабы 2-ші бөлігі, 2-ші тармағымен, 367 баптың 3-ші бөлігі, 3-ші тармағымен кінәлі деп танылды", - деп мәлімдеді Қаратау аудандық сотының төрағасы Ермахан Рахменберді.