Шымкентте ағаштарды дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
472

Ағаштардың барлығына химиялық дәрілеу жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте ағаштарды дәрілеу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкентте ағаштарды дәрілеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының көшелеріне егілген ағаштардың жапырақтары соңғы уақытта сарғайып, түсі өңіп зиянкестер зиян келтіруде.

Осыған орай, зиянкестердің алдын алу және жою мақсатында қаладағы Темірлан тас жолы, Арғынбеков, Өтегенов көшелерінің бойындағы ағаштардың барлығына химиялық дәрілеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, қадағалануда.

Айта кетейік маусымдық жұмыстар жалғасын табуда.